Барсакелмес мемлекет­тік табиғи қорығы қы­зметкерлері Арал аудандық Оқушылар Үйі мен Балықшылар Мұражайының қолдауымен Арал теңізі күніне орай бейнебаян әзірледі. Мұнда - Арал жастарының теңізге деген сағынышы, теңіздің қайта қалпына келуіне үміті бейнеленген. Бейнебаянды Барсакелмес қорығының Youtube каналынан тамашалап, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар!