Жер сағаты – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастырған наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізілетін бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара.
Бұл - әлемдегі ең ауқымды акция. Шараны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының жаһандық климаттың өзгеру проблемасына назарын аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
2023 жылы "Жер сағаты" акциясы Қазақстанда еліміздің табиғатын сақтау маңыздылығына арналған.
СЕН ДЕ ҚАЛЫС ҚАЛМА, 1 САҒАТ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ӨШІР!