Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық және сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер қорық аумағында тазалық жұмыстарын атқарып, қоршаған ортаны абаттандыруға және табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлеріне ғана емес, әрбір азаматқа ортақ міндет. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи байлықтарды аялау және экологиялық жауапкершілікті арттыру – келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдырудың маңызды алғышарты.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ұжымы табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарға әрдайым ерекше мән береді.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамызға аманат!











