Жаз мезгілінде ауа райының ыстық әрі құрғақ болуы орман және дала өрттерінің туындау қаупін арттырады. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Өрттің алдын алу үшін төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
- Орманда және табиғат аясында от жақпаңыз.
- Темекі тұқылын және сіріңкені сөндірмей тастамаңыз.
- Шыны бөтелкелер мен жанғыш қоқысты қалдырмаңыз.
- Құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге жол бермеңіз.
- Балаларды отпен ойнаудан сақтандырыңыз.
- Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.