Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен қоршаған ортаны қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде конституциялық деңгейде бекітілді.

Конституцияның 37-бабына сәйкес әрбір азамат табиғатты сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға міндетті. Бұл талап экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және табиғи мұраны келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы табиғи экожүйелерді, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.

Табиғатты қорғау – мемлекет пен қоғамның ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.