Өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Жаз мезгілінде табиғи аумақтарда өрт қаупі күрт артады. Орман мен дала өрттері өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орны толмас зиян келтіріп, табиғи экожүйелердің бұзылуына әкеледі.
Осыған байланысты Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы келушілер мен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Есте сақтаңыз:
- Қорық аумағында және оған жақын жерлерде от жақпаңыз;
- Темекі тұқылын жерге тастамаңыз;
- Қоқыс қалдырмаңыз;
- Белгіленбеген жерлерге автокөлікпен кірмеңіз;
- Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу жауапты мекемелерге хабарлаңыз.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау арқылы Барсакелмес қорығының бірегей табиғатын келер ұрпаққа аман жеткізейік.












