Көктемгі және күзгі кезеңде құрғақ шөпті өрттеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін:

Өрттің бақылаудан шығуы - желдің әсерінен жалын әп-сәтте кең аумаққа таралады.

Табиғатқа орны толмас зиян - өсімдіктер жойылып, жануарлар мекенінен айырылады.

Жабайы тіршілікке қауіп - құстардың ұялары, аңдардың індері өртеніп кетеді.

Ауаның ластануы - түтін мен улы газдар адам денсаулығына зиян тигізеді.

Адам өміріне қатер - өрт салдарынан жарақат алу, улану және қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін.

Назар аударыңыз:

Құрғақ шөпті өртеу – заңмен қатаң тыйым салынған!

Бұл әрекет үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар.

Ауланы тазалауда қауіпсіз әдістерді таңдаңыз.

Өрттің алдын алыңыз - отты қараусыз қалдырмаңыз.

Өртті байқасаңыз - 101 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Табиғатты қорғау - әрбір азаматтың міндеті!

Орман мен даланы бірге сақтайық!