Сіздерді Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ұжымының атынан 9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл - ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мерекесі. Отан үшін от кешкен майдангерлердің жанқияр ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі - кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі. Бейбіт өмір мен тыныш заман сыйлаған ардақты ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен бақ - береке тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік салтанат құрсын! Ізгі тілекпен, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы.











