Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында, сондай-ақ Халықаралық құстар күніне орай Арал қаласындағы №292 орта мектебінде «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында экологиялық сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстардың табиғи ортадағы маңызын түсіндіру және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды. Экосабақ барысында қорық мамандары құстардың экожүйедегі рөлі, олардың адам өміріндегі маңызы, сондай-ақ құстарды қорғау мен сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар оқушыларға «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акцияларының негізгі мақсаттары мен маңызы түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғауда әр адамның жауапкершілігі ерекше екені айтылды. Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғау тақырыбында белсенді пікір алмасып, экологиялық білімдерін толықтырды.
Іс-шараның практикалық бөлігінде оқушылар Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының кеңсе ғимараты ауласындағы ағаштарға құстарға арналған арнайы ұялар орнатып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Мұндай экологиялық іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, қоршаған ортаны сақтау бағытындағы тәрбиелік жұмыстарды күшейтуге ықпал етеді.











