Бүгін бүкіл әлемде 1971 жылы бекітілген Халықаралық орман күні немесе Орманды қорғаудың дүниежүзілік күні атап өтіледі.
Бұл күнді бекіту бастамасын Еуропалық ауылшаруашылық конфедерациясы 1971 жылы 23-інші Бас Ассамблеяда ұсынды және бұл идеяны БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы қолдады.
Орманды және оның байлықтарын қорғау бүгінде әлемнің барша елдері үшін басты экологиялық міндеттер қатарында тұр.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы сексеуіл ормандарымен де әйгілі. Қорық Арал теңізі аймағында орналасқан.
Барсакелмес қорығындағы сексеуіл ормандары аса құрғақ ортадағы ерекше экожүйенің сипаты болып келеді. Қорықтың орман қорының жалпы көлемі 56216 га, оның ішінде орманды алқаптар -33208 га.
Барсакелмес қорығында сексеуіл орманын қорғау және басқару осы бірегей табиғи ортаны сақтауда және оның болашақта тұрақтылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.