Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде өткізілетін Жер сағаты – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ең ауқымды экологиялық акциялардың бірі. Бұл бастама арқылы адамдар климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды үнемдеу және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне назар аударады.

Аталған акция аясында 28 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін барлық тұрғындарды, мекемелер мен ұйымдарды электр жарығын бір сағатқа сөндіруге шақырамыз. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың, жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің көрінісі.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы баршаңызды осы маңызды бастамаға белсенді қатысуға шақырады. Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Бір сағаттық әрекет арқылы біз үлкен өзгерістерге жол аша аламыз.