Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Игі бастама аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттар табысталды.
Бұл шара – қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмектің маңызын көрсететін игі дәстүрдің жалғасы. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғаумен қатар, қоғамдағы әлеуметтік бастамаларға да белсенді атсалысып келеді.











