2026 жылғы 30 қаңтарда ұсынылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасына орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері арасында түсіндіру және талқылау жұмыстары өткізілді.

Жиын барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар кеңінен сөз болды. Әсіресе табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздік және ұлттық табиғи мұраны сақтау бағытындағы қағидалардың маңыздылығы атап өтілді.

Қорық қызметкерлері табиғатты қорғау ісі – ел болашағының кепілі екенін айтып, Ата заңда экология мәселесінің көрініс табуы уақыт талабы екенін жеткізді. Пікір алмасу ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Мұндай кездесулер қоғамның құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуының маңызды құжаттарын бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.