2 ақпан - Сулы-батпақты өңірлер күніне орай экологиялық-танымдық іс-шаралар өткізілді

2 ақпан - Сулы-батпақты өңірлер күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Сулы-батпақты өңірлер және ондағы биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында экологиялық-танымдық жұмыстар жүргізді.

Іс-шаралардың мақсаты - сулы-батпақты өңірлердің табиғи экожүйедегі маңызын түсіндіру, олардың биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы рөлін насихаттау және табиғатты қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару. Іс-шара барысында сулы-батпақты өңірлердің климатты реттеудегі маңызы, су ресурстарын сақтаудағы қызметі, сондай-ақ су құстары мен сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар үшін тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді.

Сулы-батпақты өңірлер - табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды орын алатын экожүйелердің бірі. Оларды қорғау және сақтау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ортақ міндет әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.