"Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ тарапынан киіктерді құтқару және қолдау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Арал ауданы аумағында, елді мекеннен шамамен 1,5 км қашықтықта орналасқан аумақта киіктерге шөп және жем беру жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда тұманның түсуіне қарамастан, табиғат қорғау іс-шаралары жоспарға сәйкес жалғастырылуда.
Жабайы жануарлардың өмірін сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағдай тұрақты бақылауға алынды.










