Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Іс-шараны мекеменің директоры Хамит Мәмбетқалиұлы Қаниев ашып, ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол орман және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығын атап өтіп, табиғатты аялаудағы әр қызметкердің еңбегіне ерекше алғыс білдірді. Жиын барысында мемлекеттік инспекторлар мен өзге де бөлім қызметкерлері адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.