Жаз айларында орманда өрт шығу қаупі артатыны белгілі. Соңғы 4 ай көлемінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ауа райының тұрақты ыстық болуы себепті өрт қауіптіліктің 3,4 сыныбы сақталуда. Осыған байланысты, қорық аумағында мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау жұмыстары күшейтілуде. Бүгінгі күнге табиғат қорғау инспекторлары, жедел топ инспекторлары тарапынан 79 рейд жүргізілді. Өрттің алдын алу шаралары ерте көктемде басталып, жаз айында жалғасады: жергілікті тұрғындарға өрт парақшалары таратылып, газет беттерінде мақалалар жарияланып, өрттің алдын алу бойынша шаралар үздіксіз жүруде.