Таза Қазақстан" акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары қорық аумағында кең көлемде тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін терең сезінген инспекторлар айналаны қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қосты. Бұл шара табиғатты қорғауға деген жанашырлықтың нақты көрінісі болды.