Шаңырақ күні
Бұл күн дәстүрге құрмет пен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың жарқын символына айналды.

Шаңырақ – мемлекеттіліктің, тұрақтылық пен сабақтастықтың символы. Ол қазақ дәстүрінде отбасы құндылықтарын, қорғанысты, өзара көмекті, ел бірлігін бейнелеген. Бүгінде ол барлық этностарды, әр түрлі ұрпақтар буыны мен елдің барлық аймақтарының тағдыры тоғысқан Қазақстанның азаматтық қоғамдастығын бейнелейді.

Бүгінгі атаулы күні сіздерге Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері, отбасының тірегі, балаларына үлгілі әке, ата-анасының қамқоршысы - Бітірбаев Дастан Тұрахметұлын таныстырамыз!

Дастан Тұрахметұлы 2013 жылдан бері Барсакелмес қорығында қызмет етіп келеді.  Осы күнге дейін өз қызметін абыроймен атқарып, жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. 

Жұбайы Алмагүл екеуі 4 бала, 3 немере өсіріп, ауданымыздың өнегелі отбасыларының қатарында.

#наурыз #наурызнама #наурызнама2025 #барсакелмес_мтқ #барсакельмесский_гпз #barsakelmes #barsa #барсакельмес #барсакелмес #barsakelmesnaturereserve #barsakelmes_reserve #барса #қорық