Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – Қазақстанда әр жылдың 16 наурызында атап өтілетін маңызды мереке. Бұл күннің маңызы - қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани байлығын насихаттауға, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосады.
Қазақ халқының мәдениеті – бұл ұлттың тарихы, салт-дәстүрлері, өнері, тілі, әдебиеті, музыкасы, киім-кешегі, архитектурасы мен күнкөріс ерекшеліктерінен тұратын бай және сан қырлы дүние.
Бүгінгі атаулы күну сіздерге шаш өру салты туралы сөз етейік.
Қазақ қызының шаш өруі – қазақ халқының дәстүрлерінде үлкен мәні бар әдет-ғұрыптардың бірі. Шаш өру тек қана сәндік емес, сонымен қатар қыздың отбасындағы, қоғамдағы орны мен жасын, әлеуметтегі жағдайын білдіретін маңызды белгі болып табылады.
Шашты ерекше бір тәртіппен өру қыздың тәрбиесі мен мәдениетінің көрсеткіші болып есептелген. Шашты дұрыс өру, оның әртүрлі үлгілері мен ою-өрнектері қыздың бойжеткендігін, әдептілігін және тәрбиесін көрсететін маңызды сипатқа ие болған.
Шаш өру жасы үлкендерге құрмет көрсету мен ұрпақтар сабақтастығының бір белгісі болды. Ұрпақтан ұрпаққа көшкен бұл дәстүр қыздардың адал болуын, әдептілігін, және отбасылық міндеттерін ұстануын да білдірді.
@minecology_kz @qazaqormany
#наурыз #наурызнама #наурызнама2025
#барсакелмес_мтқ #барсакельмесский_гпз #barsakelmesnaturereserve #барсакелмес #барсакельмес #barsakelmes #barsakelmes_reserve #барса #barsa #қорық