Бүгін республикалық “Тазаlike” іс-шарасы қарсаңында жүргізілетін акциялардың жол картасына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы оқушылармен бірге “Болашақты бірге отырғызамыз” акциясын ұйымдастырды.
Сонымен қатар, бүгінгі күн “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” тұспа-тұс келіп отыр.
Осы орайда, ұйымдастырылған іс-шара аясында 650 сексеуіл түптері отырғызылды, акцияға жалпы 100 жуық адам қатысты, оның ішінде 35 оқушы.
Бұл - ел бойынша қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы.