Жаңалықтар

2019 жылдың 26 маусым күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және Қызылорда облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бойынша инспекциясының ұйымдастыруымен «Арал теңізі өңіріндегі экологиялық туризмді дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек стол өтті.

«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару қорының ұйымдастыруымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының мүшелеріне «Арал – 2019» ғылыми – танымдық экспедициясын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрықтар мен ережелеріне сәйкес  2019 жылдың наурыз-маусым аралығында «Парктер шеруі-2019» атты табиғат қорғау акциясы ұйымдастырды.    

 

Осыдан 26 жыл бұрын 26 наурызда ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елдерінің президенттерімен 1993 жылдың қаңтар айында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1 конференцияда жасалған келісім бойынша. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталған болатын. Келісімге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойған болатын.