Белсенді күзетте мемлекеттік инспекторлар, ал өрт қауіпті кезеңде өрт сөндіруші қарауылдар да тәуліктік кезекшілікке тұрады, сонымен қатар, инспекторлар бекітілген аумақтарына бақылау жүргізіп, бақылау мұнараларынан жалпы аумақты байқайды. Белсенді күзет жүйесіне сондай-ақ,  құрамында директордың бір орынбасары немесе күзет қызметі бөлімінің басшысы, 2-3 мемлекеттік инспекторлар болатын орталық оперативтіік топ кіреді. Бұл топ қорық аумағы мен күзет аймағындағы қорық режимінің жай-күйін ғана бақылап қоймай, аумақты күзету бойынша мемлекеттік инспекторлардың міндеттемелерін атқаруын да тексереді.
Қорық режимін қамтамасыз ету күзет бөлімі инспекторларының ауысымдық кезекшілігі арқылы іске асырылады. Қорық режимін бұзушылармен жұмысты күшейту мақсатында қорық аумағында патрульді-рейдтік топ рейдтерге шығады. 10 күн бойы инспекторлар ауысымдық кезекшілікте болып, уақыты аяқталысымен келесі инспекторлар тобына өткізеді.

#менорманшымын
#ялесник