Шығыс мортығы

Eremopyrum orientale

Тіршілік формасы. Біржылдық.

Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 4-30 см біржылдық өсімдік; сабағы түп жағында буынды-өрлемелі, жалаңаш және тегіс, тек масақ астында үлпектелген; астыңғы жапырақтардың қынабы бұдырлы, үлпектелген, жоғарғылардың – жалаңаш, тегіс, біршама іскен; тілшігі – ұзындығы 0,5-1 мм; жапырақтары - сызықты, жайпақ, ені 3-4 мм, асты мен үсті - бұдырлы, үлпектелген; масағы – эллипстік немесе сопақша-жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 1,5-5,5 см, ені 0,9-2,5 см, жасыл немесе сәл күлгін боялған; түктерінің ұзындығы 9-17 мм, 3-5-гүлді; масақ қабыршақтары сызықты немесе сызықты-қияқты, қысқа немесе масаққа бірдей дерлік, ұзындығы 4-9 мм, шығыңқы, 2-3 бүйір түтігі бар, біршама майысқан, бүкіл беті бойында түгі бар, қылқанға тартылған. Ұзындығы
4-8 мм; астыңғы гүл қабыршағының ұзындығы 8-9 мм, кең немесе жұмыртқа тәрізді қияқты, шығыңқы 5 түгі бар, түгі азды-көпті ұзын, ұзындығы 4-7 мм жұқа бұдыр қылқанға біртіндеп тарылған.

Гүлденуі. Сәуір-мамыр.

Экологиясы. Оңтүстік далалар мен шөлдерде, таудың төменгі белдеуінің құрғақ бөктерінде өседі.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 



 #Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары